Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Тарихшы-студенттер іс-тәжірибе бойынша онлайн-есеп берді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Zoom қосымшасы арқылы өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибеден өту туралы онлайн есеп ұсынды.

Онлайн-конференцияға студенттермен бірге комиссия мүшелері Ә.А. Өскембай, Е.М. Қариев, А.Қ. Бұлғынбаева, университеттен іс-тәжірибе жетекшісі Ж.Т. Тоқаева, кафедра меңгерушісінің м.а. А.Ж. Әубәкірова шақырылды.

Тәжірибе 20 қаңтар мен 20 наурыз аралығында өтті. Студенттер Өскемендегі №15, №1, №43 мектептерде, Зайсан ауданы Саржыра шағын жинақталған мектебінде, Тарбағатай ауданы А. Байтұрсынов атындағы орта мектепте педагогикалық тәжірибе жинақтады. Олар Л.Қ. Жаманбаева, Б. Шүршітбай. А.Ж. Әубәкірованың жетекшілігімен іс-тәжірибеден өтті.

Студенттер мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жоспарының аясында оқушылармен өткізген іс-шаралар, ашық сабақтар туралы әңгімелеп, мектептерден тағайындалған іс-тәжірибе жетекшілері тарапынан көрсетілген қолдау-кеңестер үшін алғыс білдірді.

Тарих кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo