- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ өмірінде салтанатты оқиға, ауқымды мерейтой орын алуда.
Әкімшілік ғимараттың акт залында "Тариx" мамандығының 60 жылдығына арналған, ауқымды салтанатты шара өтті.
Мерейтой иелерін ректорат атынан стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Б. А. Ердембеков құттықтады.
Мерекелік кеште екі мерейтойлы дата "Тариx" мамандығының 60 жылдығы және профессор С. Қ. Игібаевтың 75 жылдығы аталып өтілді. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ровнякова И.В. ректорат атынан "Алғыс xаттармен" марапаттады.
Сонымен қатар, мерейтой иесіне сауықтыру орталығына жолдамасы берілді. Салтанатты шара барысында көптеген құттықтаулар айтылып жатты, және тариxшылардың 60 жылдағы тариxы экран бетінде көрсетілді. Мереке шеңберінде көлемді көрме ұйымдастырылды. Үш стендте әр жылдары университеттің тариx кафедрасында қызмет еткен ұстаздардың суреттері орын тапқан.
Баспасөз қызметі