Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ТФжХҚ факультетінің деканаты студенттермен онлайн-кездесу өткізді

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканаты студенттермен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу модераторы – факультет деканы Ә.А. Өскембай студенттерді кездесу бағдарламасымен таныстырып, оқу ақысын төлеу ережелері туралы айтты. Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Нұралинова рейтингтік бақылауды ұзарту ережелеріне, оқу процесін ұйымдастыруға, академиялық адалдық ережелеріне қатысты мәселелер көтерді.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Т. Уәлиева студенттерге төтенше жағдай кезінде режимді сақтау ережелері, санитарлық нормалардың орындалуы, төтенше жағдай кезінде жатақханада тұрудың ішкі тәртібі жайлы атап өтті.

Студенттер онлайн-сұхбатқа белсенді қатысып, сұрақтар қойды, нақты жауаптар алды. Мұндай онлайн-кездесу форматы – студенттермен қашықтан оқыту режимінде диалог жүргізудің тамаша тәсілі.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті

Қазақ
× You found a Typo