- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымындағы жаңалықтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында студенттердің «Сана» ғылыми үйірмесі өткізді.
Отырыста қазақ филологиясы ғылымындағы жаңа бағыттар, фонетика, морфология, сөзжасам, орфография, синтаксис салаларындағы жаңалықтар талқыланды.
Шара барысында мамандық бойынша үздіктерді анықтау мақсатында өткен пән олимпиадасының қорытындысы шығарылып, үздік студенттер марапатталды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы