29 сәуірде «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында студенттерге арналған кезекті ағылшын тілі курстары аяқталды.
Курс аяқталғаны туралы сертификаттарды тапсыруға арналған салтанатты іс-шарада студенттер өздері меңгерген материалдарды ойын түрінде қайталап,соның ішінде: өздерінің курстас достары үшін квест ұйымдастырып, грамматика, лексика сұрақтарын қамтитын викторинаға қатысып, жаңылтпаштар оқуда жарысып, ағылшын тілінде жұмбақтар шешті.
Барлық сайыстардың қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара соңында «Тіл әлемі» КБО жетекшісінің м.а. Слямкулова Камилла Муратовна тыңдаушыларға сертификаттарды табыс етті.
Шет тілдерін бізбен бірге оқып үйреніңіз!
«Тіл әлемі» Көптілді білім беру орталығы