«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында CEPT халықаралық емтиханын тапсыруға тіркелу басталды.
Енді CEPT (Cambridge English Placement Test) – ағылшын тілін меңгеру деңгейінің жалпыеуропалық шкаласына (CEFR) сәйкес ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын халықаралық on-line тест біздің университетте болатынын хабарлаймыз.
Тіркеу 13 қыркүйекке – осы аптаның соңына дейін «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында өтеді. Емтихан тапсыру бағасы – 6000 теңге. Бұл сертификат мерзімсіз болып табылады.
Еске сала кетейік, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінен, сонымен қатар биология кафедрасынан 10 оқытушы халықаралық үлгідегі СЕРТ сертификатына ие болды.
CEPT/IELTS тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы