Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Түркістан облысының делегациясы ШҚМУ-да «Серпін» жобасына қатысушылармен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Түркістан облысынан делегация келіп, «Серпін-2050» жобасына қатысушыларымен кездесті, университетпен танысты.

Түркістандықтар №5 оқу ғимаратының акт залында Өскемендегі жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім алып жатқан 500-дей студентпен кездесті.

Іс-шараны ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р. Рамазанов жүргізді.

Жиында Түркістан облысы жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары Т. Құдайбергенов, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, білім саласының құрметті қызметкері, журналист, «Өлкетану» оқулығының авторы О. Шыныбекұлы баяндама жасады.

Серпіндіктер – Өскемендегі мамандандырылған лицейдің мұғалімі Әрсен Дүйсенбай мен ШҚМУ жастар ісі жөнінідегі комитетінің төрағасы Мәрлен Әбубәкір сөз алып, өз жетістіктерімен бөлісті.

 Кездесуде Шығыс Қазақстан облысында еңбек етуге шешім қабылдаған «Серпін» түлектеріне арналған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы ақпарат беріліп отырғандығы туралы мәліметтер берілді. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да соңғы екі жылда 22 мамандық бойынша 306 түлек бітірген екен.

-Университетті «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін» бағдарламасы аясында  2018 жылы алғашқы түлектер болып 134, 2019 жылы – 172 жастар аяқтады.  2018 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу пайызы – 100%, 2019 - 98%, оның ішінде түлектердің 2018 жылы - 67%, 2019 жылы -  55% Шығыс Қазақстан облысының еңбек ету орындарында жұмысқа орналасты.  Соның ішінде Түркістан облысынан келіп білім алған, 2018 жылдың 46 түлегінің ішінен – 20 адам,  2019 жылы –76 түлектен - 41 адам Шығыс өңірінде қалып еңбек етіп жатыр, - деп С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры М.Ә.Төлеген өз баяндамасында нақтылай түсті.

Қонақтар студенттердің сауалдарына жауап берді, жақсы оқып, осы өңірде жұмысқа орналасуларын тіледі.

Делегация мүшелері «Зияткер» орталығында, «Altai jastary» телестудиясында, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығында, фитнес орталықта, Студенттер үйлерінде болып, студенттердің білім алу, демалыс және тұрмыс жағдайымен танысты.

Меймандардың бағалауынша, ШҚМУ-да оқуға, бос уақытты тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануға, қажетті қызметтер алуға, тұруға барлық жағдайлар жасалған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo