ҰБТ-да 126 балл жинап, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген Меновное орта мектебінің түлегі Дильназ Мұратова, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ге оқуға тапсырмақ ниетте.
-Дильназ бұл жеңіске жететініне сенімді болды. Өйткені, ол ҰБТ болады дегеннен кеңестерден қалмай, педагогтардың барлық ақыл-кеңестерін орындап отырды. Тестілеуден өтіп тұрды және оның бұл еңбегі еленіп, жақсы көрсеткішке қол жеткізді,- деді мектеп директоры Любовь Лихачева.
Айтпақшы, мектеп директоры С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі.
Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысында 8204 түлек мектеп бітірді, оның 84,4 проценті ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді.
Баспасөз қызметі