Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Үміт» үйінің тәрбиеленушілері ШҚМУ-дағы «SANALY URPAQ» фронт-кеңсенің жұмысымен танысты

«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері «SANALY URPAQ» республикалық жобасын іске асыру бойынша фронт-кеңсенің жұмысымен танысты.

Фронт-кеңсе жұмысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ айырықша орын алады.

– Біз семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткіземіз, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі тәжірибені тарату үшін оқу құралдарын әзірлейміз. Сондай-ақ, университет студенттері мен оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жекелеген қырларын зерттейді, – дейді қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Г. Байыркенова.

Балаларға Адалдық кітапханасы мен дүкенінің жұмысы туралы айтылды. Атап өтерлігі, Адалдық дүкенінде «үміттіктер» жасаған бұйымдар сатылған болатын. Кездесуде ШҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің өкілі қонақтарға сатылымнан түскен қаржыны табыстады. 

Тәрбиеленушілер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасында да болды.

Балалар алғыс айтып, өздеріндегі «Адал ұрпақ» клубымен байланыс орнатуды ұсынды.   

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo