- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Осыдан сегіз жыл бұрын химия кафедрасында бастау алған университетаралық студенттер олимпиадасы кезекте Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ химия, металлургия және байыту кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы танымал металлург А.С.Куленовтың 85 жыл толуына орай «Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тақырыбына өтті.
Олимпиадаға қатысуға өтініш білдірген 82 қатысушылардан 67 студент қатысты.
Олимпиада екі турдан тұрады: 1 тур теориялық білім тексеріліп, үздік деп танылған жоғары балл жинақтаған 12 студент 2 тур – тәжірибелік турда өз біліктіліктерін сынады. Олимпиадаға қазылық еткен Тәжірибелік тур нәтижелері бойынша 3-ші жүлделі орынды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасы химия мамандығының 1 курс студенті Коротков Алексей иеленіп 30 000 теңге жүлдеге ие болды.
Жүлделі 1-2 орын ШҚМТУ студенттері Малинкин Александр мен Васильев Кирилл ие болып, олимпиада спонсоры «Казцинк» ұсынған 100 000 және 60 000 теңге сыйлыққа ие болды. Жинақтаған балл сандары бойынша «химия» мамандығының 2 курс студенттері Кабиева Айгерім, Дүсіпбекова Аяужан, 3 курс студенттері Сағдоллина Назерке, Тұрғынбек Зәмзәм, Абылдабекова Айсұлу тәжірибелік турға жолдама алып, өз күштерін сынап көрді. Жеңіске барлығы да бір табан жақын болғанмен, жүлделі болу мүмкіндігі тек бірегейлерге ғана тиесілі. Барлық студенттерімізге тек сәттілік тілейміз.
Сән Оразова,
химия кафедрасы