Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің (Польша, Вроцлав қ.) ғалымы, профессор Виелеба Войтек екі апта бойы ШҚМУ «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 1-4 курс студенттері, физика және технология кафедрасының магистранттары, докторанттары үшін дәрістер оқыды.
3 қазанда №1 оқу ғимаратындағы №111 дәрісханада «Трибиологияның өзекті мәселелері» тақырыбына арналған шолу дәрісі болып өтті.
Дәріс жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде оқылды және тыңдаушылардың асқан қызығушылығын туғызды.
Баспасөз қызметі