«Заманауи білім» («Современное образование») журналының осы жылғы алғашқы саны шықты. №1 (114) журналдың «Мұқабадағы бейне» айдарында «Мұхтар Төлеген: Жастар шығармашылығына – кең өріс!» атты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорымен сұхбат жарияланған.
Мақалада ректор Жастар жылында университетте іске асырылап жатқан жас ғалымдар мен студенттердің бастамалары туралы айтады.
Журнал Наурыз қарсаңында шыққан. «Құрметті оқырмандар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Көктемгі жаңару мерекесі жаңа әрі жарқын өмірдің бастауына айналсын! Сіздерге және жанұяларыңызға құт-береке тілейміз!» деп оқырмандарын мерекемен құттықтапты басылым редакциясы.
Баспасөз қызметі
https://www.bilim.expert/kopiya-4-2018-2?utm_campaign=0f6c5811-2658-4fc2...