2020-2021 оқу жылынан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бакалавриатта үш, магистратурада бір жаңа білім беру бағдарламасы жүзеге асырады.
Бакалавриатта – бұлар «Тарих және цифрлық гуманитаристика», «Дінтану және философия», «Бағдарламалау және материалдарды өңдеу, машина жасау аппараттары», магистратурада – «Педагогикалық өлшемдер» (ҚР білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау сапасын жақсарту мақсатында) бағдарламалары.
Бұдан басқа, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша іске асырылып жатқан үш білім беру бағдарламасының атауы өзгертілді: «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика», «Ядролық физика және атом энергетикасы», «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы».
Баспасөз қызметі