Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің белсенділері Алғыс айту күнін айрықша атап өтуді ұйғарды. Олар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға алғыс білдіруді жөн көріп, қара шаңырақта «Рақмет» сөзі бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.
Студенттер білім мен тәрбие беріп отырған университет басшылығы мен оқытушыларға алғыс айтты. Сонымен қатар, білім ордасында оқып, спортпен айналысып, жайлы орында тұрып жатқандарын айта келіп ШҚМУ-ға ризалықтарын білдірді.
Іс-шараны ЖҒжТФ Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім, Жастар ұйымдары комитеті ұйымдастырды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті