Өскемендік кәсіпкер Аңсар Ешенбаев «Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы аясында студенттерге тайм-менеджментті оқытып жүр.
№7 оқу ғимаратында «Mr Grey» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, барбершоптар желісінің және бөдене фермасының иесі Аңсар Ешенбаев «Тайм-менеджмент SMART» дәрісін оқыды.
Кәсіпкер өз бинзнесін қалай бастағанын, қандай қателіктер жасағанын, алғашқы барбершоп ашқаннан қандай ой-түйін шығарғанын айтып берді.
– Басты қателігім бизнес-жоспар жасамауым болды. Сондықтан алдымен бәрін есептеп, жоспарлап алғандарың жөн! – деді жастарға бизнесмен.
Дәрісте ол жастардың кәсіп ашуға деген қызығушылығын тудыра білді, тайм-менеджментке қатысты көптеген қажетті ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сауатты нұсқаулар мен ұсыныстар алды.
Баспасөз қызметі