«Жасыл Ел» жасақтарының төртінші еңбек маусымының жабылуы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағына көшеттер отырғызылды.
Өзге елді мекендерден келген делегаттарға Ұлан ауданы Украинка ауылындағы жылыжайға экскурсия ұйымдастырылды.
«Жасыл Ел» жасақтары маусымының қорытындысын шығару жөніндегі іс-шара «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында өтті, оған жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, аудан-қалалардағы «Жасыл Ел» жасақтарының командирлері, студенттік құрылыс жасақтарының ардагерлері, мемлекеттік және қоғамдық құрылым өкілдері, жұмыс берушілер қатысты.
Шараны ШҚО ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның және Өскемен қаласы әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қолдауымен «Семей қаласы студент жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі