Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж оқытушылары «Техникалық және кәсіби білім берудің педагогикалық тәжірибесі» конференциясына қатысты

Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «Техникалық және кәсіби білім берудің педагогикалық тәжірибесі» өңірлік педагогикалық конференциясы өтті.

Коференция мақсаты жаңа білім беру парадигмасы жағдайындағы педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау болды.

Жиын барысында «Білім беру үрдісінің негізгі бағыттарын жоспарлау және іске асыру», «Бәсекеге қабілетті мамандардың дайындығын қамтамасыз ететін білім беру технологиялары», «Кәсіби-техникалық білім беруді дамыту келешегі» секциялары жұмыс істеді.

Басқосуда облыстағы кәсіби-техникалық оқу орындарының педагогикалық еңбеккерлері, әлеуметтік серіктестер сөз сөйледі.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінен құқықтану, дене шынықтыру, педагогика, психология, тарих пәндерінің оқытушылары болып, өз тәжірибелері негізінде баяндама жасады. Олар өзге оқу орындарындағы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo