- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің оқытушылары Гумилев атындағы ЕҰУ және Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған тренингке қатысты.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында өткен семинар-тренинг тақырыбы – «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы заманауи мұғалімнің қарым-қатынас құзіреттілігі».
Тренингте оқытушылар Мәскеу әлеуметтік-педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі Лариса Карнацкаядан дене психотерапиясы, тиімді қарым-қатынас техникаларын меңгерді.
Семинар соңында Жоғары колледж оқытушылары Н.Р. Әлімов, Т.Л. Нигай, Г.С. Айтжанова, А.Н. Сқақова сертификаттар алды.
Баспасөз қызметі