- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ Жоғары колледжінің студенттері интеллектуалдық ойында жеңіске жетіп, дипломмен марапатталды.
29 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі құқықтану мамандығының 2 курс студенттері Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі департамент ұйымдастырған «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары – жемқорлықты азайтудың кепілі» атты брейн-ринг интеллектуалдық ойынның жеңімпаздары атанып, дипломмен марапатталды.
Бұл ойынның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын кеңінен насихаттау, тиімділігін түсіндіру, жариялау және мемлекеттік қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлықтың санын азайту, болдырмау, алдын алу.
Ж. Қарсақбаева,
ШҚМУ Жоғары колледжі заң пәндерінің оқытушысы