С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр оқу тобы бойынша қашықтан ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесулердің күн тәртібінде «Құқық бұзушылықтар мен зиянды әдеттердің алдын алуда колледждің ата-аналармен өзара әрекеті», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы» және студенттердің үлгерімі, оқу үдерісінің кестесі, жұмысқа орналасу және университетке түсу мәселелері айтылды.
Әр жиналысқа куратордан және ата-аналардан басқа, осы топта сабақ жүргізетін барлық оқытушылар және колледж әкімшілігі қатысты.
Кездесулер барысында ата-аналарды студенттердің кәсіби тәжірибеден өту мәселелері және қашықтықтан сабақ өткізу ерекшеліктері қызықтырды. Ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берілді.
Жоғары колледж