Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде «Мен заңгер болғым келеді» атты заң негіздері бойынша қалалық қашықтық олимпиада өтті

ШҚМУ Жоғары колледжінде Өскемен қаласындағы 9-сынып оқушылары үшін қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты «Құқық негіздері» пәнін оқуға қызығушылықты арттыру, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдарға қызығушылығын дамыту болды. Олимпиаданың міндеттеріне құқық және заң ғылымдарының әртүрлі салалары - конституциялық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, отбасы құқығы, мемлекет және құқық теориясы бойынша білім кірді. Студенттер құқық негіздері бойынша теориялық материалдарды жақсы білетіндерін көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - «№11 лицей» КММ-нің оқушысы Арина Тюменцева және «№9 орта мектеп» КММ-нің оқушысы Жасмин Самидова мен Олеся Скосырева.

2 орын иегерлері болып №11 лицей-мектебінің оқушылары Даниал Мұхамадиев, Артур Шахворостов, Даниал Музханов, Арина Дудченко атанды.

3 орынға «№34 мектеп-лицейі» КММ оқушылары Даниил Ежов пен Александр Антропов, сондай-ақ «№24 орта мектеп» КММ оқушылары Аяла Нугуманова және Алина Городничева ие болды.

 Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo