С.Аманжолова атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде Жас педагог мектебінің кезекті жоспарлы отырысы өтті.
Отырыста «Қашықтан оқыту кезінде компьтерлік технологияларды қолдану арқылы сабақтарды жоспарлау және өткізу», «Презентация жасауға қойылатын жалпы стандарттық талаптар», «Оқытушыларлың эмоционалды күйзелісі» сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қаралған сұрақтар бойынша жас мамандар қатарындағы оқытушылар сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Сұрақтар жас оқытушыларға әдістемелік бағыт-бағдар, тәжірибе беру мақсатында қарастырылған. Жас мамандар отырыс барысында өз пікірлерімен де бөлісті.
Жоғары колледж