С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде Жас педагог мектебінің кезекті онлайн отырысы өтті, онда сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, сабақты талдау және өзіндік талдау тақырыбы қаралды.
Отырыстың мақсаты – тәжірибе бөлісу, алмасу. Шеберлік сағаты бойынша «Сабақтан тыс шараларды ұйымдастырудың түрі мен мақсаты», «Сабаққа талдау және өзіндік талдау жасау» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
Л.А. Байкова, Л.К. Гребенкиннің дәлелдеулерінше, педагогикалық шеберлік – мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі.
Шеберлік сағатына «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер, экономика және құқық» пәндік-циклдық комиссияның жоғары санатты оқытушылары Л.Е. Ледовских, А.Д. Қылиманова, Ш.Ж. Жасұзақова спикер ретінде шақырылды.
Кездесу барысында жас педагог мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, баянадамашылар жауап берді.
Жоғары колледж