Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖОО ректоры «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясына төраға болды

«Nur  Otan»  партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.В. Чугунковтың қатысуымен «Nur  Otan»  партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста партиялық бақылау комиссиясының жаңа төрағасы – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры  Мұхтар Әділбекұлы Төлеген таныстырылды, аталмыш кандидатура облыс әкімімен бекітілген және «Nur  Otan» партиясының орталық аппаратымен келісілген.

Жиында партиялық бақылауды ұйымдастыру және Катонқарағай, Риддер, Курчатов аумақтық партия филиалдарында ішкі тәртіпті күшейту мәселелері, партиялық бақылау комиссиясының биылғы жұмысы және келер жылдағы міндеттері қаралды.

Партиялық бақылау комиссиясының (ПБК) төрағасы Мұхтар Төлеген бірқатар ұсыныстар айтты, олардың ішінде – аудандық партиялық бақылау комиссиялары жұмысындағы формализмді жою, аумақтық филиалдардағы комиссиялардың жұмысын жақсарту бойынша оқу әдістемелерін әзірлеу, аумақтық партиялық бақылау комиссиялары төрағалары мен мүшелері үшін көшпелі семинарлар ұйымдастыру, аудандық партиялық бақылау комиссияларының Партия төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызындағы партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын, партияның бағдарламаларын, Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Жолдауын орындау барысына мониторинг жүргізу сынды ұсыныстар бар.

Сондай-ақ, комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныс, талап-тілектер де қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo