- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары мен «Журналистика» мамандығының 2 курс студенттері дәстүрлі 1 курс студенттерін қабылдау шарасын онлайн форматта өткізді.
Шара барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ журналистикасы тарихынан сыр шертететін бейнеролик көрсетілді. Әр студент сөз алып, өздерін таныстырды. Оқытушылар мен жоғары курс студенттері ізбасарларына ізгі тілектерін арнады. 2 курс студенті Зарина Сүлейменова арнау өлеңін оқыды.
– Бүгінгі шарадан алған әсерім керемет! Әсіресе, мамандық туралы бейнероликті көре отырып, теория мен қоса тәжірибеден құр алақан қалмайтыныма, өз таңдауымның дұрыстығына тағы бір мәрте көзім жетті, – дейді шараға қатысушы Ділназ Әнуарбек.
ШҚУ журналистикасының тарихында соңғы бес жылда болмаған құбылыс – топта 6 мемлекеттік грант иегері бар.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы