АКАДЕМИКАЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Академикалық ұтқырлық – оқушылардың немесе оқытушылардың оқу, оқыту, зерттеу жұмысын өткізу немесе біліктілікті арттыру курстарына қатысу үшін белгілі академикалық мерзімге өзге білім немесе ғылыми мекемеге ауысуы.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ халықаралық қызметі Болон үрдісі принциптердін орындауына бағытталған, оның ішіндегі ең маңызды баптардың бірі оқушылардың және оқытушылардың академикалық ұтқырлығы болып табылады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқушылары және оқытушыларының академикалық ұтқырлығы әріптес университеттерімен жасалған ынтымақтастық бағдарламалар және халықаралық шәкіртақы бағдарламалары нәтижесінде орындалады.
Қаржыландыру:
Академикалық ұтқырлықтың каржыландыруы:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға халықаралық ұтқырлық бағдарламалары туралы факультеттер және қажетті мәлімет сақтайтын тиісті ақпараттық ресурстары арқылы (сайт және т.б.) хабарлайды.
Үміткерлер халықаралық ұтқырлық бағдарламасына қатысу тәртібі мен шарттары серіктес университеттер арасындағы нақты келісімдердің мәні болып табылады.
Үміткерлерді шетелде білім алуға жолдау үшін университетте конкурстық комиссиялар құрылады. Конкурстық комиссиялар халықаралық ұтқырлық бағдарламасының үміткерлері арасында іріктеу өткізеді және серіктес университеттің немесе ұйымның талаптарын есепке алып, іріктеу өлшемін белгілейді.