«АЖАРАЙ» атты би ансамблі
Кожахметов Тимур Асланбекұлы 1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Бала кезінен бастап Алматы хореографиялық училищесінде оқыды. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреат иегері. Жоғары санатты хореограф-Педагог.
ШҚМУ-да С.АМАНЖОЛОВ атындағы университетте өзінің "Ажарай" атты би ансамблі бар, ол 2018 жылы құрылған. Ансамбльде халықтық классикалық билер ғана емес, джаз модерн стиліндегі билер де үйретіледі. Болашақта ансамбльде ерлер құрамын алуды жоспарлап отырмыз.
Дайындық дүйсенбі,жұма, сенбі күндері кешкі сағат 6-да үшінші корпуста өтеді.