ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР А.М. КАРТАЕВАНЫҢ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: АБАЙТАНУ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВТАНУ» ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ТУРАЛЫ
«Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: абайтану және әуезовтану» ғылыми мектебі 2002 жылдан бері жұмыс істеуде. Ғылыми мектептің негізгі мақсаты Қазақтандағы ғылым мен білімнің дамуына Еліміздің интеллектуалдық әлеуеті басымдылығына сәйкес келеді. Сондай-ақ мектеп облысымызың оқу, білім орындарына және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды. Ғылыми мектеп республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, әдеби-ғылыми іс-шаралар өткізіп тұрады.
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ЖЕТЕКШІСІ КАРТАЕВА АЙЖАН МАРАТБЕКҚЫЗЫ
Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы
Ғылыми мектеп жетекшісі – ф.ғ.д., қауым. проф., Картаева Айжан Маратбековна, 23 ақпан 1975 жылы туған.
1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.
1998 жылдан бері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да еңбек етеді.
2002 жылдан бастап филология ғылымдарының кандидаты.
2011 жылдан бастап филология ғылымдарының докторы.
2018 жылдан бастап «Әдебиеттану» мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бекітілген қауымдастырылған профессор.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі.
Жоғары білікті маман. Филология және журналистика мамандықтарында Абайтану, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Әдеби өлкетану және т.б. негізгі пәндерден дәріс оқиды.
Ғылыми зерттеу саласы – қазақ әдебиеті, абайтану, әуезовтану, әдеби өлкетану.
250-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Соңғы 5 жылда 80-нен астам еңбегі жарық көрді.
Ғылыми жұмыспен белсене араласқан А.Картаеваға 2006-2008 жылдары ҚР БҒМ ғылымды дамытуда зор үлес қосқаны үшін, ғылыми мәселелерді шешуге арналған зерттеулерге белсенді қатысқаны үшін ҚР БҒМ талантты жас ғалымдар стипендиясы тағайындалды.
Білім мен ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі үшін төмендегі марапаттар мен атақтарға ие болды:
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ТҮЛЕКТЕРІ
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ
Ассоциациялардағы мүшелік, құрметті атақтары, марапаттары:
ҚР БжҒМ Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі (10.11.2015).
Қала әкімінің алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Қалалық білім беру бөлімінің, Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхананың, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.
Білетін шет тілдері:
Ағылшын тілі А2 деңгейінде
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ:
Жұмыс телефоны: 280-200
Электрондық почта:
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 4 үй, 13 п.