С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Ділмар» дебат клубы
«Ділмар» дебат клубы бұл – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан ашылған пікірсайысшылар клубы. Клубтың жұмыс жасап келе жатқанына бүгінгі таңда 5 жыл болды. Ең алғашқы клуб кординаторы Хамза Ақбота.Ол кісіден кейін Рысбеков Дидар, Дәнияр Жібек. Қазіргі таңда клуб координаторы Қали Айнұр Қасымханқызы. Клубта 40-тан астам мүшелері бар.
«Ділмар» дебат клубының мақсаты:
«Ділмар» Дебат клубының
ЕРЕЖЕЛЕРІ
-
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Дебат клубы (ары қарай ДК) Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың белсенді студенттерінің қоғамдық бірлестігі болып табылады.
- ДК нақты ережелер мен қолданылатын талаптарға сәйкес құрылып, әрекет етеді.
- ДК өз қызметін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағында жүзеге асырады.
- Толық атауы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ділмар» дебат клубы.
- ДК негізгі мәліметтер көрсетілген эмблемалар мен бланктері болады.
-
ДК МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
- ДК құрылу мақсаты:
- Елімізде етек алған көкейкесті өзекті мәселелерді бірлесе, қоғам болып талқылау арқылы оқу орындарында білім алып жатқан оқушы жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға көмектесу;
- Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, аға буын өкілі салған сара жолды насихаттау, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту;
- Оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;
- Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып ұтқыр сөйлеуді қалыптастыру; үлкенге құрметтілік, кішіге ізеттілік сынды қаситеттерді тұлғааралық қарым-қатынаста көрсетіп, тәрбиеге де ден қою;
- Мәдени салада ашықтықты, еркіндікті қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамды жандандыруға ықпал ету; жастар қызығушылығын арттыра түсу;
- Еліміздің жалпы гуманитарлық бағыттағы мүмкіндігін дамыту, жасампаздық көзқарасы айқын анықталған азаматты тәрбиелеу;
- Рухани - адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу;
- Әр азаматтың Отанының болашағы, қауіпсіздігі және тағдыры үшін жауапкершілік қасиетін басым бағытқа алу;
- Жастарды ұйымдастыра қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, шешуге ынталандыру.
- Айқындалған мақсаттарға жету үшін ДК келесідей қызметтер түрін жүзеге асырады:
- Мектептерде жастарға қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін зерделеу бойынша бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру;
- ДК мүшелерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелерін жетілдіру және осы орайда симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б. пайдалы шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және қатысушыларды қызықтыру;
- Қалалық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі дебат ойындарын, турнирларды «Шығыс» дебат орталығымен келісе, ұйымдастырады және белсенді ат салысады.
-
ДК ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Заңмен белгіленген тәртіпте өзінің айқын мақсаттарына жету үшін ДК құқықтары:
- Өзінің қызметі жайлы ақпаратты еркін түрде тарату;
- Қоғамдық өмірдің сан салалы сұрақтары бойынша бастама көтеру, мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар енгізу;
- Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамада қарастырылған уәкілеттілігін толық жүзеге асыру;
- Аймақтық және республикалық дебат клубтарымен, ЖОО-дағы жастар орталықтары және ұйымдарымен берік байланыс орнату;
- Университет ректорына жәнеде университеттің барлық құрылымдарына жастарды материалдық және моральдік марапаттау немесе келеңсіздік туған жағдайда тәртіптік жаза қолдану туралы өтінім жасау.
- ДК міндетті:
- «Шығыс» дебат орталығына жұмыс жоспарын өткізуге және айына бір рет ДК жұмысы туралы есеп беруге;
- Кем дегенде айына 2 рет ДК жиналысын өткізуге;
- Өзінің қызметіне қатысты халықаралық құқықтың, жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын сақтау.
- ДК жауапты:
- Өз қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылыққа жол берілмеуіне;
- Нақты Ереже тармақтарының сақталуына;
- Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылмауына;
- Қызметте қолданылатын мүлік қауіпсіздігіне;
- Ішкі еңбек тәртібін бұзбауына;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектеуде, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына.
-
ДК МҮШЕ БОЛУ. ДК ҚҰРЫЛЫМЫ
- ДК-ға С.Аманжолоав атындағы ШҚМУ-дың барлық ынта білдірген студенттері мүше бола алады.
-
ДК МҮШЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- ДК мүшелері мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда тікелей қатысады және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көмектерді көрсете алады.
- ДК мүшелігінің азаматтары келесідей құқықтарға ие:
- Жұмыс барысында барлық органдардың қызметіне араласуға және де өткізілетін шараларға қатысуға;
- ДК қызметінде туындаған кез келген сұрақтарын талқылауға және жұмысын жетілдіруге ұсыныс жасауға;
- ДК қызметі туралы қосымша ақпарат алуға;
- Клубтың моральді, материалды және әлеуметтік қолдауын қолдануға;
- Құқықтар мен міндеттерге қатысты кез келген сұрақтарды талқылауға.
- ДК мүшелігінің азаматтары міндетті:
- ДК Ережесін сақтауға;
- Өзінің сайланған органында белсенді қызмет етуге;
- ДК-ның басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;
- ДК басқарушы органдарымен өз қызметін келісуге;
- ДК мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда көмек көрсету, беделін нығайтуға.
-
ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
- ДК басшысы жалпы жиналыста, ортақ дауыспен сайланып, «Шығыс Қазақстан пікір-сайысшылар қауымдастығы» ҚБ кеңесінің шешімімен бекітіледі;
- ДК басқарушы органы Кеңес болып табылады. Кеңес құрамына: төрағасы, қазақ лигасының үйлестірушісі, орыс лигасының үйлестірушісі және оның көмекшілері кіреді;
- Жиналыстарда ДК-ның кеңесі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ділмар» дебат клубы ұйымдастырылуы мен дамуы туралы сұрақтарды талқылайды, түскен ұсыныстарды және үйлестірушілердің есебін тындайды;
- ДК кеңесі қаулы немесе талап-ұсыныс ретінде рәсімделген шешімдерін ДК-ның әр мүшесі орындауға міндетті;
- ДК органы: Жалпы жиналыс, Кеңес, Төраға. ДК-ның басқару органдарына кез-келген ДК мүшелері сайлана алады;
- Кеңестің 1/2 мүшелері және 1 адам қатысқан жағдайда жиналысты қорытындылай, шешім шығара алады. Дауыс беру де әрбір ДК мүшесі бір дауысқа ие деген қағида бойынша жүзеге асады.
- Турнирлерге алдын ала көрсетілген фракциялар санынан аз болған жағдайда ДК мүшелері турнирге қатыстырылмайды.
-
БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫС
- ДК барлық бірлестіктермен, дебат клубтарымен байланыс орнатады; жастар орталықтары және ЖОО-ның ұйымдарымен, аудандық және республикалық дебат клубтарымен тығыз қарым-қатынас және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізе алады.
Егерде сіз:
- Студенттік өмірді қызықты өткізгіңіз келсе
- Армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізгіңіз келсе
- Өзіңізді дамытқыңыз келсе
- Ортаңыздың лидері болғыңыз келсе
- Жоғарғы жетістікке жеткіңіз келсе
- Ораторлық қабілетіңізді арттырғыңыз келсе бізге қосылыңыз.