С.Аманжолов атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауы
Байқау мақсаты: студенттің ғылыми және шығармашылық, ең бастысы, оқудағы қызметін ынталандыру
Сайыс ережесімен бекітілген қажетті құжаттар студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығында Өскемен қ., Қазақстан к.,55, әкімшілік ғимарат, №303 каб.мекен-жайы бойынша қабылданады, тел. 8-7232-241-401.
Сайысқа қатысу үшін келесі құжаттарды өткізу шарт:
- қосымша-1-ге сәйкес толтырылған үміткердің шәкіртақы иеленуге жеке өтініші;
- Студенттің жетістіктерін сипаттайтын өтініш-негіз;
- Сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт;
- Үміткердің конференцияларға, олимпиадаларға және сайыстарға қатысқандығын кәуаландыратын құжат көшірмелері, соның ішінде:
- үміткердің (жеке немесе бірлесіп) жариялаған ғылыми мақалалары;
- ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда олардың өту уақыты мен орнын көрсете отырып, жасаған баяндама тақырыптары;
- үміткердің ғылыми-зерттеу жұмысы мен шығармашылық сайыстарға қатысқандығын растайтын өзге де құжаттар;
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.