С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Серпін-2050» штабы
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизиясы, 34 к., №1 оқу ғимараты, №133 бөлме
Тел.: 8 (7232) 541-433, (ішкі т. 114)
E-mail:
«Серпін-2050» штабының жетекшісі – Байжұманова Лейла Төлеубайқызы
Байжұманова Лейла Төлеубайқызы базалық білімі бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог. 1987 жылы Қараганды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Университетте 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 1991 ж. – ТМД елдерінің экологиялық мәселелері бойынша сарапшылар комиссиясының мүшесі. 1991-2010 жж. – медициналық-профилактикалық, медициналық-биологиялық факультеті, экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша деканның орынбасар қызметін атқарған; 2000-2004 жж. – ШҚМУ жанында құрылған Семей медициналық университеті филиалының директоры; 2004-2008 жж. – ШҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; 2007-2008 жж.- маркетинг және келісім шарт қатынастар бөлімінің жетекшісі; 2015-2016 жж.- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлім бастығының м.а.; 2016 жылдан бастап – «Серпін-2050» штабының жетекшісі қызметін атқаруда. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша қомақты тәжірибесі бар.
Әртүрлі кезеңдерде штабты басқарған тұлғалар:
– 2014-2015 оқу жылы – Оразалин Сләмбек Қалибекұлы, филол. ғ.к. доцент
– 2015-2016 оқу жылы – Кәдіров Берік Кәдірұлы, 6M060900 – География мамандығының магистранты
«Серпін-2050» штабы университеттің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасының жұмысын жүзеге асырушы оқу-кәсіптік бағдар орталығы, университеттің құрылым бөлімі болып табылады. Штаб «Серпін-2050» мемлекеттік жобасына басқа ҚР 19 ЖОО – мен қатар белсенді қатысудың нәтижесінде 2015 жылы құрылған. Университет еңбек ету мүмкіншілігі аз оңтүстік аймақтарынан - Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан келген жастарды оқыту мен еңбек орындарына жайғастыру мақсатында жүзеге асырылатын «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»- «Серпін- 2050» мемлекеттік жобасына ат салысып алдыңғы қатарда келетіні баршаға мәлім.
«Серпін-2050» штабының мақсаты мен негізгі міндеттері
«Серпін-2050» штабының университет бөлімдерімен байланысы
Штаб құрамы:
| № | ТАӘ | Лауазымы | Байланыс үшін мәліметтер |
|---|---|---|---|
| 1 | Байжұманова Лейла Төлеубайқызы | Штабының жетекшісі | Ү.т.87232 541-433 Моб.87013457689 |