Қызметі, дәрежесі, атағы:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы
Диссертация тақырыбы, қорғаған жері, күні:
«ХХ ғасырдың 20-50 – жылдарындағы Кеңес мемлекетінің қуғын – сүргін саясаты (Шығыс Қазақстанның мысалында)» (Шәкәрім атындағы СМУ, 2010)
Ғылыми жетістіктері:
- 2014 – 2015 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты.
- 2018 – 2020 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Саяси қуғын–сүргін құрбандары туралы естелік (1920 – 1950 жж.) және оның Қазақстанның сакральдық ландшафтында бекітілуі (Шығыс Қазақстан негізінде)» атты мемлекеттік бюджеттік тақырыптағы жоба (ғылыми жетекші).
- «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» атты ШҚО Әкімдігімен келісім-шарттық тақырып.
- 200 – ден астам еңбек жарыққа шықты, оның ішінде 8 монография, 5 оқу құралы және Scopus журналдарындағы мақала.
Соңғы бес жылдағы дәреже көтеру:
- Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters ресурстары бойынша онлайн – семинар қатысушысының сертификаты, 2013 ж.;
- Ян Густың Халық Академиясының «Білім берудегі менеджмент – жоғарғы мектепте білім беру үрдісін басқарудың Еуропалық моделі» атты ғылыми – зерттеушілік тағылымнан өтуі туралы сертификат, Прага, 2013 ж.;
- «Qualifizierung zum Integrativen Supervisor» курсы бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат, Дюссельдорф, 2013 ж.;
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ – нің ағылшын тілі курсын бітіргендігі жөніндегі куәлік, 2016 ж.;
- ЕурАзЭқ жанындағы Экономика және құқық аймақаралық институтының базасында біліктілікті арттыру сертификаты (Санкт-Петербург, Ресей), 2016 ж.
Кәсіби ұйымдарға мүшелігі:
- «Үлкен Алтай әлемі» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы.
- «Үлкен Алтайдың ғылымы мен білі» редакциялық кеңесінің мүшесі.
- Үлкен Алтайдың жоғарғы оқу орындары ректорларының Кеңесі хатшылығының мүшесі.
- «Известия Алтайского государственного университета» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.
- "Мировоззрение населения Южной Сибири и Центральной Азии в исторической ретроспективе" журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.
- "Asian Journal of Social and Human Sciences" журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.
Марапаттар:
Қазақстан Республикасы БҒМ-нің «ЖОО-ң үздік оқытушы – 2012» гранты мен атағының иегері.