Бас бетқе Ақпараттар «Өзін-өзі тану» пәні – рухани тәрбие көзі

«Өзін-өзі тану» пәні – рухани тәрбие көзі

6-10 ақпан аралығында облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жалпы және педагогикалық психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани адамгершілік – білім берудің психологиялық-педагогикалық негізі» атты өзін-өзі тану жобасының авторы С.Назарбаеваның туған күні құрметіне арналған облыс көлеміндегі апталық өтеді.

Апталықты өткізу жастарға рухани-адамгершілік білім және тәрбие беру маңызын жетілдіруге бағытталған. Бұл ұстанымдар ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Жолдауындағы тұжырымдық идеяларға, білім беру заңына негізделеді.

6-ақпанда апталықтың ашылуы өтеді, онда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, професор Бейбіт Мамраев, балаларды қорғау департаментінің  директоры Аркадий Исаев алғы сөз алады.

Жалпы және педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымының кандидаты Ж. Әубәкірова «Қазақстандық оқыту жолы», Семей қаласындағы №30 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қатира Сүлейменова «Массовые внедрения уроков самопознания в учреждениях образования РК», Өскемен қаласындағы №36 орта мектептің психологы Елена Суханова «Внедрение курса «Самопознание». Первые достижения, результаты, опыт» тақырыптарында баяндамалар жасайды.

Бірінші қабатта Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызының қайырымдылық іс-әрекеті жайлы кітап көрмесі, оқу ғимараттарында рухани-адамгершілік тәрбиесі тақырыбына арналған бейнефильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады. Апталық шеңберінде облыстың білім беру саласындағы өзін-өзі тану күні ұйымдастырылады. Студенттер, магистранттар және кафедра оқытушылары «Рухани адамгершілік – білім берудің бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысады, «Қазақстан-Өскемен» облыстық арнасындағы «Шарапат» бағдарламасында «Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбы талқыланады. 

Апталық жұмысын облыстың мектеп оқушылары, студенттері арасындағы Сара Назарбаеваның туған күніне арналған «Қазіргі қоғам құндылығы» атты шығармашылық құттықтаулар сайысы қорытындылайды.


Счётчик ТИЦ