Қазіргі кезде университет жоғары білім берудің көпдеңгейлі құрылымы шегінде техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларында білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін, әрекет ету мерзімі шектелмеген 2012 жылғы 11желтоқсандағы №12020617 мемлекеттік лицензияға сәйкес мамандарды дайындайды. - жоғары кәсіптік білімнің 47 мамандығы бойынша (2009 жылғы Классификатор). Сондай-ақ, бакалавриатта оқу мерзімі – 4-5 жыл, кешкі оқу түрінде – 5 жыл, білім беру программасы бойынша қысқартылған түрінде: жоғары білім базасында – 2 жыл, кәсіптік және техникалық білім базасында – 3 жыл;. Университетте кредиттік технология бойынша оқытылады : 2003-2004 оқу жылынан бастап – экономикалық мамандықтар студенттері үшін; 2004-2005 оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орынан кейінгі білім және жоғары кәсіптік білімнің барлық мамандықтарының студенттері үшін. Қазіргі кезде оқу үдерісін 7 факультетте 22 кафедра жүзеге асырады.