С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға қабылдау ережесі
Аталған Ереже 2012 жылы 19 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың №111-ші үлгі ережесі бойынша жасалынды. Өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылы 19 сәуірде № 487 қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылы 11 ақпанда № 110 қаулысы бойынша енгізген.
1. Жалпы ережелер
1. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне (ары қарай университет) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) және жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар қабылданады
2.Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы (білім беру гранты) негізінде, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлем жасау арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру грантын Қазақстан Республикасының азаматымен тең дәрежеде Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдері мемлекеттік тапсырыс негізінде егер олар жоғары білімді бірінші рет алатын жағдайда (әскери оқу орындарына қатыссыз) байқау бойынша алуына мүмкіндігі бар.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
4. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім (орта жалпы) беру орындарының түлектеріне, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының (бастауыш және орта кәсіптік, ортадан кейінгі) бітірушілеріне, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілеріне, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілеріне, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімі бар (колледждер) азаматтарды ұқсас мамандықтарға ақылы қысқартылған мерзімде қабылдау ТКТ қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Ұқсас мамандықтар тізімін ҚР БжҒМ бекітеді.
Жоғары білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы әңгімелесу негізінде жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша шетел азаматтарына үшін қабылдау емтихандарын университеттің қабылдау комиссиясы жеке жүзеге асырады. Студенттерді қабылдау ҚР БҒМ бұйрығының негізінде жүргізіледі.
Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
7. Шығармашылық мамандықтарға қабылдауда шығармашылық емтихандар есепке алынады.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында университеттің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
8. 5В010800 «Дене мәдениеті және спорт», 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010600 «Музыкалық білім», 5В050400 «Журналистика» мамандығына тапсырушылар университеттің қабылдау комиссиясына шығармашылық емтихандар тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны екіге тең. Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы ұпай саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 ұпайдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Шығармашылық мамандықтарға тапсырушалардың екі пән бойынша: қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихының ұпайлары есепке алынатын болады.
Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер мен «Алтын белгі» иегерлері білім беру грантын алу байқауына тек бір мамандық бойынша қатысады.
9. Білім беру грантын алу байқауына қатысу үшін талапкер университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

- арнайы бланкіде жазылған өтініш;
- білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- ҰБТ немесе кешенді тест бойынша сертификат;
- жеңілдіктері бар екенін анықтайтын құжат (бар болған жағдайда);
- 3х4 пішініндегі 2 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- фотосуреті бар жеке куәліктің көшірмесі.

2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша байқауға қатысу
10. Талапкер өтінішінде білім грантын алуға таңдаған мамандығы мен таңдаған мамандығы бойынша білім гранттары бар жоғары оқу орнын көрсетеді.
Таңдау пәні сәйкес келген жағдайда талапкер төрт мамандықты таңдай алады.
11. Шет тілінде тапсырылатын құжат нотариалды бекітілген, қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған болуы тиіс.
Шет елдік білім беру орындарының білім беру құжаттары ережеге сай нострификациядан өтуі шарт.
12. Бірінші және екінші және топ мүгедектері, сонымен қатар бала кезінен мүгедектер таңдаған мамандығының зияндығы жоқтығы туралы әлеуметтік медициналық сараптама қорытындысы болуы тиіс.
Білім беру грантын алуға артықшылық құқығы барлар осы құқықтарын растайтын құжат және Ережеде көрсетілген уақыт мерзімінде байқауға қатысуға өтініш жазуы тиіс.
13. Білім беру грантын алу байқауына қатысу үшін өтініштер 2013 жылдың 23-31 шілдесі аралығында қабылданады.
14. Студент болып қабылдану үшін кешенді тестілеудің және ҰБТ қорытындысы бойынша 50 ұпайдан, сонымен қатар таңдау пәні бойынша 7 ұпайдан (әр шығармашылық емтиханнан 10 ұпайдан төмен емес) кем алмағанда жүзеге асырылады.
15. Білім беру грантын алу байқауына қатысуға бекітілген жеңілдіктер (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топ мүгедектері, соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне теңестірілген жеңілдіктері барлар, бала кезінен мүгедектерге, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне) өтініш түскен мамандықтардың барлығына сақталады.
3. Кешенді тестілеуді өткізу
16. ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
17. Кешенді тестке қатысу үшін оқуға тапсырушы университеттің қабылдау комиссиясына арнайы бланкіде жазылған өтініш, жалпы орта (орта жалпы) білімі туралы аттестат немесе кәсіптік және техникалық білімі жөніндегі (бастауыш немесе орта кәсіптік, ортадан кейінгі) диплом (түпнұсқа); 3х4 пішініндегі 2 фотосурет; 086-У нысанындағы медициналық анықтама; жеке куәліктің көшірмесін тапсыруы қажет.
ТКТ қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
Моңғолия азаматтары үшін кешенді тестілеу 10 маусымнан 24 маусым аралығында 2013 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ филиалына қабылдау ережесіне сай жүргізіледі (Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей қаласы).
Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін растайтын құжат (паспорт) және емтиханға кіру рұқсаттаманы көрсетуі тиіс.
18. Кешенді тестілеу талапкердің қалауымен қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде 4 пәннен: қазақ немесе орыс тілі (тапсыру тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған мамандығына орай таңдау пәнінен өткізіледі.
19. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
20. Талапкерге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа талапкермен ауыстыруға, көшіріп жазуға, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
21. Талапкер осы Ереженің 16 тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі:тыйым салынған заттың тәркіленуі және аудиторияда тәртіп ережелерін бұзған талапкерлерді аудиториядан шығару туралы акт жасайды. Тест нәтижесі жойылады.
22. Егер тапсырушы оған бөлінген ТКТ уақыт аралығында тест тапсырудан бас тартса, ҚР БжҒМ акт толтырады. Аталған тұлғаның емтихан нәтижесі өңделмейтін болады.
23. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Тест тапрсырмасының әр жауабы бір ұпаймен бағаланады.
24. Дұрыс жауаптар коды тест нәтижелері өңдеуден өткеннен кейін ғана ілінетін болады.
25. Кешенді тестілеудің қорытындысын мемлекеттік комиссия оны өткізген күні жариялайды.
26. Кешенді тестілеудің қорытындысына сай әр қатысушыға арнайы үлгідегі мемлекеттік комиссия беретін сертификат тест өткен соң үш күнтізбелік күн ішінде жазылып беріледі.
27. Жалпыға бірдей талаптар сақталуы және даулы сұрақтарды шешу, сонымен қатар кешенді тестілеуге қатысушылардың құқықтарын қорғау үшін апелляциялық комиссия жасақталады.
28. Апелляциялық комиссия тест сұрақтарының мазмұны және техникалық себептерге сай қатысушылардың өтініштерін қабылдап, Республикалық апелляциялық комиссияға белгілі тұлғаға балл қосылғандығы жөнінде және апелляцияның нәтижесін хабарлайды.
29. Тестке қатысушы өтінішті апелляциялық комиссияның төрағасы атына жазады. Тест сұрақтарының мазмұны және техникалық себептерге сай қатысушылардың өтініштерін тест қорытындысы шыққан келесі күні сағат 13.00 дейін қабылдап, апелляциялық комиссия өтініштерді бір күн ішінде қарастырады. Өтініш жазушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен тестке кіру рұқсат қағазын алып келуі тиіс.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс жасайды. Егер тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмесе оның өтініші қарастырылмайды.
Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.
4. Университет студенті қатарына қабылдау
30. Университеттің қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.
Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына
- жалпы орта (орта жалпы білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын;
- 3х4 көлеміндегі 6 суретін;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы және екпе картасын;
- ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда);
- білім беру қызметі көрсетілгені үшін төленетін төлемақының түбіртегі (егер ақылы түрге тапсырған жағдайда);
- еңбек кітапшасы (егер талапкердің жоғары оқу орнына түскен кезде еңбек кітапшасы болған жағдайда) немесе еңбек кітапшасынан жазбаны (егер сырттай бөлімге тапсырса) қоса береді.
- талапкер сауалнамасы өткізіледі.

Университеттің порталы арқылы электрондық тіркеуінен өтеді.
31. Білім беру грантын жеңіп алған азаматтар өтініш жазып, университет ректоры бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
32. Университетке ағымдағы жылдың ҰБТ тапсырған жалпы орта білімі бар түлектері мен кешенді тестілеудің 4 пәнінен қазақ немесе орыс тілі (тапсыру тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен 50 ұпайдан, сонымен қатар таңдау пәнінен 7 ұпайдан, ал қалған пәндерден 4 ұпайдан кем емес ұпай жинағандар қабылданады.
33. ҰБТ немесе кешенді тестілеуде аталған пәндердің бірінен 4 ұпайдан кем жинаған тұлға білім беру гранты байқауына қатыстырылмайды.
Қабылдау мамандық және оқу тіліне сай жекелей жүргізіледі.
34. Егер тапсырушы екінші деңгейлі банк берген кредит негізінде оқуға тапсырса, банктен құжаттардың қарастырылып жатқандығы жөнінде құжаттар әкелуі тиіс. Сонымен қатар банктен құжаттардың қарастырылып жатқандығы жөніндегі анықтама әкелгенен кейін тұлғаға келісімге сай қабылданғанына дейін оқу ақысын төлеуге төрт апта уақыт беріледі.
35. Шет тілінде тапсырылатын құжат нотариальды бекітілген, қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған болуы тиіс.
Бірінші семестер барысында шет елдік білім беру орындарының білім беру құжаттары ережеге сай нострификациядан өтуі шарт.
36. 2013 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ осы Ережеде қарастырылмаған сұрақтарды университеттің қабылдау комиссиясы жеке өзі шешіп, хаттама толтырылады.