2013 жылғы талапкер күнтізбесі
- Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді университеттің қабылдау комиссиясына 20 маусымнан 9 шілде аралығында тапсыру қажет (өткен жылғы түлектерге арналған).
- Шығармашылық емтихандарға өтініш 20 маусымнан 1 шілде аралығында қабылданады. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 4 шығармашылық мамандықтарға талапкерлерді шақырады: 5В010400 Бастапқы әскери дайындық, 5В010600 Музыкалық білім, 5В010800 Дене мәдениеті және спорт, 5В050400 Журналистика. Шығармашылық мамандыққа тапсыратын талапкерлер білім беру гранты байқауына тек бір ғана мамандықты таңдай алады.
Шығармашылық мамандықты таңдаған талапкерлер олар таңдаған жоғары оқу орнында шығармашылық емтиханын тапсырады. Шығармашылық емтихан саны екіге тең.
- Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өтеді.
- Талапкерлердің кешенді тестілеуі 17-23 шілде аралығында өтеді. Талапкерлердің кешенді тестілеуі азаматтардың мүддесі бойынша қазақ тілі және орыс тілінде орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 4 пәннен өткізіледі: қазақ тілі және орыс тілі (оқу тілі), қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні. Таңдау пәні және бейімделу пәні көрсетілген мамандықтар тізімі ҚРБҒМ бекітіледі. Талапкерлердің кешенді тестілеуіне2 сағат30 минут уақыт беріледі. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Аппеляцияға өтініштер тест нәтижесі мәлім болған соң, келесі жұмыс күнінің 13.00 дейін қабылданады.
- Білім беру гранты байқауына қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Байқауға қатысу үшін кемінде 50 балл және таңдау пәнінен 7 балл (шығармашылық емтиханның әрқайсысынан 10-нан аз емес), ал басқа пәндерден 4 баллдан кем емесбалл жинауы тиіс.
- Университеттің қабылдау комиссиясы талапкерлерді студенттер қатарына тіркеуді 10-25 тамыз аралығында жүргізеді.