One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Қымбатты студенттер, оқытушылар, қызметкерлер! С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасы 2016 жылдың 20-31 қазан аралығында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізеді. Акция мақсаты – кітапхана қорын толықтыру. Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады. Біз аса зор қуанышпен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі, 2010 жылдан ерте емес басылымнан шыққан, университет бағдары бойынша заманауи отандық және шетелдік оқу және ақпараттық басылымдарды, көркем әдебиеттерді, ноталық басылымдарды, CD және DVD таспаларын қабылдаймыз. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз! Акция қорытындысы университет сайтына шығады. Кітаптарды қабылдау кітапхананың жұмыс істеу уақытында № 1 оқу ғимаратындағы № 104 аудиторияда, сонымен қатар барлық оқу ғимараттарындағы кітапхана бөлімшелерінде жүргізіледі. Қосымша ақпаратты қорларды топтау және кітапханалық өңдеу бөлімінен алуларыңызға болады. Тел.: 540-421 (ауд. №104), http://library.vkgu.kz
Ғылыми кітапхана