One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
8 ақпан сағ.10.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығында ғылыми сауаттылыққа арналған биылғы жылғы алғашқы ағартушылық бағыттағы – «ЛАБА-2020» акциясы бастау алады. Тақырыптық «Зертхана» ғалым-энциклопедист Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналып, жаратылыстану ғылымдарының кең ауқымын қамтиды: химия, физика, биология...
«Ашық зертхана» жобасының тарихы 2017 жылы басталған болатын. Ол кезде акция Ресейдің 37 қаласында және 3 елде өтті. Ал 2019 жылы Зертхана аумағы 40 елді қамтыды, оның ішінде Қазақстан да бар және қатысушылар саны миллион адамға жетті. «Қарастырылған сұрақтар қызықты әрі адамды ойландыруы тиіс. Мысалы: Найзағай бір жерге екі рет түсуі мүмкін бе? Барлық металдар ағаштан мықты ма? Расында да Эйфель мұнарасы жазға қарағанда қыста биік пе?»,- дейді «Ашық зертхана» жобасының негізін қалаушы, меценат әрі бизнесмен Роман Авдеев. «ЛАБА-2020» екі нұсқада өтеді: ересектерге және балаларға. Сондықтан, акцияға отбасымен келіп, қатысуға болады. Химия пәнінің тәжірибелі оқытушылары мен ғылым насихаттаушылары аталған шараны жүргізіп, дұрыс жауаптарды талдауға көмектеседі. Барынша жоғары балл жинаған қатысушылар халықаралық зертхана жеңімпаздарының беделді дипломына ие болады. Акция соңынан барша қатысушылар химиялық тәжірибелер мен физикалық эксперименттерге бағытталған қосымша бағдарламаларға қатыса алады. Сондай-ақ, викторинаның онлайн нұсқасына да қатысуға болады. Қатысушылар кітапхананың Білім орталығындағы Әл-Фарабидың ғылыми-әдеби бұрышынан Зертханаға алдын-ала дайындалып, жаратылыстану саласы бойынша білімдерін жаңарта алады. Сіздер үшін химия, физика, биология, астрономия пәндері бойынша ғылыми-танымдық кітаптар, «Oyla», «Юный эрудит», «Техника – молодежи» тәрізді журналдар мен Әл-Фарабидың өмір жолы, шығармалары және трактаттары ұсынылған. Сонымен бірге, мұнда Интернет желісіндегі білім беру ресурстарын ақысыз пайдалана аласыз. Баршаңызды әлемдік көпшілік ғылыми-танымал акцияға қатысуға шақырамыз! Кітапханаға келіп, ғылыми сауаттылығыңызды тексеріп, күніңізді пайдалы өткізіңіз! Келіңіз, қызықты шараның куәсі болыңыз!
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы