One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
ШҚМУ қабылдау комиссиясы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2015 жылдың 20 маусымы мен 7 шілде аралығында келесі шығармашылық білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) өтініштер мен құжаттарды қабылдайды және 2020 жылдың 8-13 шілде аралығында әрбір мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан өткізеді:
1. Дене мәдениеті және спорт.
2. Сауықтыру дене мәдениеті.
3. Бастапқы әскери дайындық.
4. Музыкалық білім беру.
5. Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика.
6. Журналистика.
7. Дінтану-философия.
Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары көрсеткіш саны 40 балл; ең төменгі-5 баллдан кем емес боуы қажет.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік (көшірмесі).
2. Диплом қосымшасымен (түпнұсқа).
3. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы қаңтар айының) - ақылы оқуға түсетін мектеп түлектері үшін, сертификатта ҰБТ пәндері бойынша: 1) Қазақстан тарихы - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығы – 5 баллдан кем емес.
4. ҰБТ сертификаты (2020 жылғы маусым айының) - 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын мектеп түлектері үшін және сертификатында келесі пәндер бойынша ҰБТ баллдары: 1) Қазақстан тарихынан - 5 баллдан кем емес; 2) Оқу сауаттылығынан – 5 баллдан кем емес көрсеткіштері бар.
5. ҰБТ сертификаты (маусым айы) – күндізгі оқу түріне түсетін, 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында республикалық мемлекеттік білім беру грантының конкурсына үміткер ретінде қатысатын колледж түлектері үшін және ҰБТсертификатында арнайы емтиханнан - 5 балдан кем емес көрсеткіші бар болған жағдайда.
6. 086 у нысанындағы медициналық анықтама.
7. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана.
8. Бар болған жағдайда келесі құжаттар қосымша ұсынылады:
- "Дене мәдениеті және спорт", "Сауықтыру дене мәдениеті" білім беру бағдарламаларына (мамандықтарына) түсетін талапкерлер үшін - "Спорт шебері" немесе "Спорт шеберіне кандидат", республикалық және халықаралық жарыстардың 1,2,3 дәрежелі дипломдары, республикалық, халықаралық жарыстардың чемпионы атағын беру туралы куәліктер мен құжаттары;
- "1,2 топтағы мүгедек", "Бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар" жағдайын растайтын анықтамалар;
- "Жетім балалар", "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" жағдайын растайтын құжаттар;
- отбасы құрамы туралы анықтама, "Көп балалы отбасынан шыққан"," Арнайы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан" жағдайын растайтын құжаттар және т. б.
Өтініш пен құжаттар тапсыру үшін:
1. www.vkgu.kz сайтында "Талапкерлерді тіркеу" терезесінде тіркеліп, келесі ұялы телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: телефон: 87771741266 (Елена Анатольевна); 87777098388 (Анара Атымбековна);
2. 2020 жылдың 7 шілдесіне дейін 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 мекен-жайы бойынша қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру керек.
Call-орталық: 540-812; 540-144; 87013457689; 87777098388; 87772826092.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы