One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында – «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б. ), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет.
Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.
Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.
Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді student@enpf.kz электрондық поштасына жіберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда технологияларды комерцияландыру кеңсесіне (Шәкәрім даңғылы 148, №7 оқу ғимараты) хабарласыңыз.
Технологияларды комерцияландыру кеңсесі