One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және ынталандыру, студенттер мен магистранттардың ғылыми және шығармашылық потенциалын белсенді ету, кәсіби батылдықты дамыту, өз мамандығын игеруде жаңа технологияларды іздеу және іске асыру, кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Ғылым граниті» конкурсын өткізеді.
Байқауға барлық курс студенттері мен магистранттары қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
- «Техникалық, технологиялық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба»;
- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».
Қосымшаға сәйкес жасалған ғылыми жобаның сипаттамасы өтінім болып табылады. Рәсімдеуге қойылатын талаптар: pdf немесе doc (docx) форматта, қаріп (шрифт) – 12-ден артық емес, беттер саны суреттер мен кестелерді қоса алғанда – 5-тен артық емес, жобаның атауын, авторын және ғылыми жетекшісін, кафедраны және факультетті бірінші бетінде көрсете отырып, еркін нысанда.
Өтініштер 2020 жылдың 30-сәуіріне дейін naukavkgu@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша қабылданады.
Конкурс жеңімпаздарын анықтау критерийлері:
Ең көп балл жинаған үміткерлер өз жобаларын қорғау үшін конкурстық комиссияның отырысына шақырылады (2020 жылдың 11-12 мамыры). Іріктеу нәтижелері 2020 жылдың 8 мамырынан кешіктірілмей жарияланады.
Жеңімпаздарға келесі жүлделер қарастырылған:
- бірінші орын үшін – өз жобаларын шетелде өтетін халықаралық конференцияда университет тарапынан баяндау мүмкіндігі («Ғылым граниті туралы» Е ШҚМУ 001-20 ережесіне сәйкес);
- екінші орын үшін – 30 000 тг.;
- үшінші орын үшін – 15 000 тг.
Байқауға қатысуға барлық факультеттердің студенттері мен магистранттары шақырылады.
Туындаған сұрақтар бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру бөліміне мына телефондар 87016274902, 87029103005 арқылы немесе naukavkgu@mail.ru электрондық поштасы бойынша хабарласуға болады.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі
Қосымша
«Ғылым граниті-2020» байқауына қатысуға өтінім
Номинация:
Жоба атауы:
Автор (-лар) аты-жөні, курсы, мамандығы:
Ғылыми жетекшісі:
Авторлардың байланыстары (тел., e-mail):
Кіріспе
Мәселеге қысқаша кіріспе, зерттеудің өзектілігі, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарымен келісілуі, әдебиетке шолу.
Мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің мақсатын шығару мен міндеттерін қою
Зерттеу әдістері
Жұмыста қолданылатын әдістердің сипаттамасы
Нәтижелер және талқылау
Жұмыста алынған нәтижелерді сипаттау, қорытындылар мен талқылау
Қорытынды, нәтижелердің практикалық маңыздылығы
Нәтижелердің практикалық маңыздылығын сипаттау
Жарияланымдар
Жарияланған жұмыстардың тізімі, жоспарланған жарияланымдар, соның ішінде ұтқан жағдайда конференцияны таңдау (таңдауды негіздеу, ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсету).
Қолданылған әдебиеттер тізімі