One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасы қала және облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен аймақтық олимпиада өткізеді.
Олимпиада ұйымдастыру комитетінің атына жазбаша немесе электронды түрде 2020 жылдың 10 ақпанына дейін олимпиадаға қатысу туралы өтінімдерді maratkyzy.alua@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуге немесе С. Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасына әкелулеріңізге болады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – іріктеу, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен сырттай түрде өткізіледі;
Теориялық бөлім: теориялық және шығармашылық бағыттардағы есептерді шығару (күрделілігіне қарай 1 есепті дұрыс шығарғаны үшін 3-тен 15-ке дейін балл беріледі).
Ең жоғарғы жинақты балл – 60 балл.
1 тур бойынша 40 балдан төмен жинаған қатысушылар 2 турға қатыстырылмайды.
Екінші кезең – қорытынды тур, ШҚМУ №1 оқу ғимаратында іштей өткізіледі.
Тәжірибелік бөлім: сапалық реакцияларға негізделген заттарды анықтау бойынша тәжірибелік тапсырмалар.
Ең жоғарғы жинақты балл – 40 балл.
Екі кезең бойынша орындалған тапсырмалар үшін мүмкін болатын максималды балл жиынтығы – 100 балл.
Іріктеу сайысы қорытындысы бойынша шақырту қағаздары 2020 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмей таратылады.
Олимпиада регламенті
01.02.2020 – 10.02.2020 ж.
Олимпиаданың 1 турына қатысушыларды тіркеу
10.02.2020 – 20.02.2020 ж.
I турдың тапсырмаларын орындау (сырттай)
21.02.2020 – 24.02.2020 ж.
I тур қорытындысы
26 ақпан 2020 ж
II турды өткізу, олимпиада қорытындысын шығару, олимпиаданың жабылуы
9.00 - 9.30
Олимпиаданың 2 турына қатысушыларды тіркеу
9.30 - 10.00
Олимпиаданың ашылу салтанаты (430 дәрісхана, ШҚМУ №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34)
10.00 - 13.00
Тәжірибелік кезеңді өткізу
13.00 - 14.00
Екінші тур тапсырмаларын тексеру
14.00
Олимпиада қорытындысы және жабылуы
Ұйымдастыру комитеті, модераторлар:
Тантыбаева Батима Сматайқызы, химия кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, т. +7-777-151-11-14;
Оразова Сән Советбекқызы, химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, т. +7-705-510-06-61;
Маратқызы Алуа, химия кафедрасының оқытушысы, химия магистрі, т. +77760002952;
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимараты, химия кафедрасы, 408 дәрісхана.
Телефон: 8(7232)540-482; е-mail: maratkyzy.alua@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті