One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Жастар жылында «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі мемлекеттік грант шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша Қазақстанда түрлі этникалық топтардың жастарын оқыту арқылы IT саласын дамытуға бағытталған ҚХА «Жастар Синергиясы форумы» республикалық жобасын жүзеге асырады.
Жоба үш кезеңнен тұрады:
1. www.jastarsinergiiasy.kz онлайн платформасында веб дизайн, киберқауіпсіздік, онлайн қызмет көрсету, smart city, инвесторларды тарту және т. б. тақырыптар бойынша білім беру.
2. IT-жобалардың аймақтық аллеясында жобалардың тұсаукесері.
3. ҚХА «Жастар Синергиясы» республикалық форумына қорытынды жасау. І орын 1 000 000 теңге, ІІ орын 700 000 теңге, ІІІ орын 500 000 теңге.
2019 жылғы 23 қыркүйек пен 7 қазан аралығында еліміздің 17 өңірінде ІТ-жобаларды іріктеу үшін ІТ-жобалардың өңірлік аллеясын өткізу жоспарлануда.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қатысушыларға:
- 2019 жылдың 20 қыркүйегіне дейін www.jastarsinergiiasy.kz сайтына тіркелу;
- Жобаны жақсарту үшін онлайн оқыту тақырыптарымен танысу (ұсыныс);
- 2019 жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімде онлайн оқыту бойынша зерттелген ІТ-жобаларды (презентация, құжаттар пакеті/жобаға қосымша материалдар) немесе ақпараттық технологиялар саласындағы жеке жобаларды www.jastarsinergiiasy.kz электрондық мекен-жайына жіберу.
- Өткізу кестесіне сәйкес аймақтық ІТ-жобалар аллеясында жобаны таныстыру (аймақтық ІТ-жобалар аллеясын өткізу кестесі).
Нақтырақ сілтемеде:
https://www.jastarsinergiiasy.kz/uploads/files/%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F-%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%B6%D0%B8-3.pdf
Технологияларды коммерциализациялау кеңсесі