One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Назар аударыңыздар!
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп ғалымдар арасында «Болашақ энергиясы» тележобасына байқау жариялады.
Байқаудың бас жүлдесі – ең үздік деген қазақстандық өнертапқыштың жобасын «ЭКСПО-2017» ұлттық павильонында орналастыру. Жобаға қатысу үшін әрбір өнертапқыш азамат өз өтінішін www.yourexpo.kz сайтында қалдыра алады.
Тіркелу оңай. Басты шарт – ұсынған жоба «ЭКСПО-2017» тақырыбына, яғни «жасыл энергетикаға» сай келуі тиіс.
Іріктелуден өткен жоба «Хабар» мен «Хабар 24» телеарналарындағы «Болашақ энергиясы» тележобасында күн сайын екі тілде көрсетіледі. Эфирден өткен жобаларға қазақстандықтар www.yourexpo.kz сайтында дауыс беріп, өз таңдауларын жасайды.
Жобаға қатыс. «ЭКСПО-2017» бірге бол.