One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Құрметті ректоры, Қазақстан Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е.А. Мамбетказиевке арналған «Іргелі ғылыми зерттеулер: химиялық ғылым мен білім берудегі инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция бағдарламасында келесі бағыттар бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өткізу қарастырылған:
Пленарлық отырыс 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Өскемен қ., 30-шы гвардиялық дивизия к., 34, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты, 111 ауд. өтеді, 10.00.
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері шақырылады. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушы және жіберуші тарап есебінен жүргізіледі.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті
БАҒДАРЛАМАСЫ