One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесі (ТКК) «Жас талап» байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау мақсаты: жастарды ғылым мен өнертабысқа қатысуға ынталандыру, өнертабыстың мәнін мамандық ретінде арттыру, стартаптарды ынталандыру.
Университеттің студенттері, магистранттары мен ғалымдары арасында инновацияларды, өнертабыстарды, зерттеулерді, практикалық маңызы бар идеяларды және мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін оқиғалардың әртүрлі жаңалықтары мен өзектілігіне негізделген үздік инновациялық жобалар байқауы өткізіледі.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– Бұл номинацияға «Студенттер мен магистранттар арасында үздік жоба», 30 жасқа дейінгі студенттер мен жас ғалымдар қатыса алады;
– «Ғалымдар арасында үздік жоба», бұл номинацияға 30 жастан асқан ғалымдар қатыса алады.
Байқау ережесі бойынша қажетті құжаттар.
Қатысу туралы өтінімдер 2019 жылдың 22 қарашасынан 13 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінім С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-тің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне (ТКК) берілуі тиіс .
Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 148 (№7 ғимарат), №100 каб. және электрондық пошта арқылы: OSalpyshev@vkgu.kz
Байқаудың қорытындысы 19 желтоқсанда аяқталады.
Анықтама үшін тел.: +7 707 256 77 57.
Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі