One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына байқау жарияланды
Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес ЖОО-ның штаттық оқытушылары конкурсқа қатыса алады.
Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы "атағын беру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі 2019 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында.
Конкурсқа қатысушы үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органга мынадай құжаттарды ұсынады:
1) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға өтінім»;
2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынысы;
5) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) карточкалық базадағы қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.
Құжаттарды электронды түрде толтыру туралы ақпарат қатысушының жеке электрондық мекен-жайы тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады: www.edu.gov.kz .
Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мекен - жайы: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер Үйі, 11-кіреберіс, 645-кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-25-27.
Ұйымдастыру комитеті