31 қаңтар күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өлкемізге кеңінен танымал тұлғамен кездесу өтеді. Ол – белгілі журналист, жазушы, 6 тарихи бестселлердің авторы, тарихшы-зерттеуші, биылғы жылдың мерейтой иегері Вадим Геннадьевич Обухов.
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының Жастар жылының ашылуын талқылауға арналған отырысы
Өтетін күні: 30 қаңтар, сағат 15.00.
Өтетін орны: Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы (Тәуелсіздік даңғылы, 68)
Ұйымдастырушылар: Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы.
Қатысушылар: ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, «Бірлік» жастар клубының өкілдері, ШҚО ҚХА жастар лигасы және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері.
Өскемен әкімдігі Өскемендегі сәулет және қалақұрылысы саласындағы үш аталым бойынша үздік студенттік эскизді жобаны анықтау жөніндегі студенттер арасындағы байқауды жариялады. Аиалымдар – «Шағын сәулет формасының үздік шешімі», «Тұрғын үй, қоғамдық мақсаттағы ғимараттың үздік шешімі», «Үздік қалақұрылысы шешімі».
Әр аталым жобаларға бөлінген. Жобалар саны – 10. Олардың әрқайсысы бойынша 3 үздік жұмыс таңдалады. 1 орын сыйақысы – 130 мыңнан 360 мың теңге аралығында. 2 орын – 75-200 мың теңге, 3 орын – 45-100 мың теңге. Жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында жариялаған Жастар жылы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына байқау өткізеді.
Байқау мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.
2019 жылдың 25 қаңтарында 14.00 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратының акт залында (№ 111 аудитория) Құрметті профессор Полтаранин Иван Аникеевичтің 80-жасқа толу мерей тойына арналған салтанатты іс-шара өткізіледі.
23 қаңтарда «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімі өтеді. Жастар жылының ашылуы Астанадағы «Нұр әлем» павильонында («ЭКСПО-2017» көрме кешенінде) өтеді.