«Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ басшысы Сарсебаев Ж.Б. «Туризм», «Халықаралық қатынастар», «Биология», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының студенттерімен кездесу өткізді.
Сіздерді шын жүректен Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Бұл қос мейрам – табандылық пен батылдықтың, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған абырой мен даңқтың мерекесі.
ШҚМУ студенттері «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Екібасованың жетекшілігімен Кеңес одағының батыры Ізғұтты Айтықов көшесінде сенбілік өткізді.
4 мамыр күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің бітіруші курс студенттері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Б.З. Медеубаевамен кездесу өткізді.