С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да журналистика мамандығының ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен жас журналистерге арнап түсірілім алаңы мен дыбыс жазу студиясы ашылды.